Жаңалықтар
Алматыдағы «Солнышко» балабақшасында аула сыпырушы ер адам бүлдіршіндерді азғырған
- авторjambylinfo.kz
- 17 шілде, 2023
- 480
Алматыдағы «Солнышко» балабақшасында аула сыпырушы ер адам бүлдіршіндерді азғырған
Адвокат Айман Умарованың айтуынша, ата-аналар бір сұмдықты сезіп, бір-бірімен ақылдасқан. Сөйтіп балаларынан ақырындап сұрай бастаған. Балалардың барлығы оқиғаны бірдей етіп сипаттап берген.
«Балалардың айтуынша, кішкентай үйшігі бар. Сол жерге балаларды апарып, іш киімдерін шештірген. Ер адам өзі де іш киімін шешкен. Бір кішкентай қыз «ағаның дене мүшесі үлкен, бұтына дәретін жіберіп қойды» деген. Кейбір балалар жаңағы ер адамның балалардың денесінен, ішінен ұстап ойнағанын айтқан», - дейді адвокат.
Бұл сұмдықты естіген ата аналар «Солнышко» балабақшасының басшылығына шағымданған. Алайда балабақша басшысы ата-аналардың наразалығына құлақ аспаған.
Оқиғаға қатысты Алматы қаласы полиция департаменті түсініктеме берді. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.
Дереккөз: Спутник Қазақстан телеграмм парақшасынан
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
«ДАМУДЫҢ» КӨМЕГІМЕН ДАМЫҒАН ЖАН
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Астанада «Magistral Awards» марапаттау рәсімі өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 19 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Биыл Астанада 800-ден астам экологиялық шара өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 19 желтоқсан, 2025




