Жаңалықтар
Алматыда ұйымдасқан топ жаңа туған нәрестелерді сатумен айналысқан
- авторjambylinfo.kz
- 12 қыркүйек, 2022
- 216
Алматыда ұйымдасқан топ жаңа туған нәрестелерді сатумен айналысқан
Алматы қаласының тәртіп сақшылары жаңа туған сәбилерді сату фактілерін анықтады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен брифинг барысында баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат .
«Алматы қаласында полиция қызметкерлері жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында заңсыз асырап алу мақсатында жаңа туған балаларды сату фактілерін анықтады.
Алдын ала сөз байласқан адамдар тобы өздерінің балаларынан бас тартқысы келетін жүкті әйелдерді және баласы жоқ отбасылық жұптарды іздестірумен, сондай-ақ балалардың туу туралы жалған куәліктерін дайындаумен айналысқаны анықталды. Аталған факті бойынша кәмелетке толмағандарды сату бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп мәлім етті баспасөз қызметінің өкілі.
Сондай-ақ бүгінгі брифинг барысында Шұғыла Тұрлыбек жезөкшелік қызмет көрсеткен 20-дан астам притон анықталғанын айтқан болатын. Оның мәліметінше, Шымкентте кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген қылмыстық топ ұсталды.
Бұдан бөлек, өткен аптада есірткі зертханасын ұйымдастырып, іздеуде жүрген күдікті қолға түскен. Жалпы жыл басынан 23 есірткі зертханасы әшкереленген.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
«Үздік педагог» байқауына өтінім қабылдау басталды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Таразда тамшылатып суару жүйелерін шығаратын жаңа зауыт іске қосылды
- авторjambylinfo.kz
- 16 қаңтар, 2025
Жаңалықтар
Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы тарихи рекордқа жетті
- авторСадуақас Айсұлу
- 16 қаңтар, 2025