Жаңалықтар
Әлемде 11 адамда кездесетін сырқаты бар балаға «Қазақстан халқына» қоры көмектеседі
- авторjambylinfo.kz
- 12 қыркүйек, 2022
- 187
Әлемде 11 адамда кездесетін сырқаты бар балаға «Қазақстан халқына» қоры көмектеседі
«Қазақстан халқына» қорынан сирек кездесетін ауруға шалдыққан маңғыстаулық 14 баланың еміне қаржы қарастырылатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Маңғыстау облысында 1 бала дүниежүзі бойынша 11 адамда ғана кездесетін гомоцистинурия ауруына шалдыққан. Баланың сырқаты биыл анықталып отыр. Енді оның мәселесі шешілетін болды. Дәрі-дәрмегіне 20-25 млн теңгеден астам қаражат керек», - деді Маңғыстау облысы бойынша орфондық аурулар жөніндегі штаттан тыс координатор Әлия Ешімова.
Қазақстанда 27 мың бала орфандық ауруға шалдықса, оның 304-і Маңғыстау өңірінде тұрады. Олардың ем-домы үшін «Қазақстан халқына» қорынан 20 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінген.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Таразда тамшылатып суару жүйелерін шығаратын жаңа зауыт іске қосылды
- авторjambylinfo.kz
- 16 қаңтар, 2025
Жаңалықтар
Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы тарихи рекордқа жетті
- авторСадуақас Айсұлу
- 16 қаңтар, 2025