жұма, 30 мамыр, 2025 9:17

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алматыдан Дели мен Мумбайға тікелей рейстер қайта жанданады

Алматыдан Дели мен Мумбайға тікелей рейстер қайта жанданады
Фото: canva.com
Еске сала кетейік, 8 мамырда Air Astana әуе компаниясы Үндістан мен Пәкістан арасындағы қақтығысқа байланысты Алматыдан Дели мен Мумбайға рейстердің тоқтатылатынын мәлімдеген.

Air Astana әуе компаниясы Дели мен Мумбайға тікелей рейстерді қайта жандандырады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz airastana  компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Әуекомпания 19 мамырдан бастап Алматы – Дели – Алматы бағытындағы КС 907/908 және KC 963/964 тұрақты рейстерін бұрынғы ұшу бағыты мен кестесі бойынша қайта жандандырады. Сондай-ақ 14 мамырдан бастап Алматы – Мумбай – Алматы бағытындағы KC 291/292 рейстері де бастапқы бағыты бойынша ұша бастайды", - делінген компания хабарламасында.

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар