дүйсенбі, 26 мамыр, 2025 5:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Taobao маркетплейсіне қазақ тіліндегі интерфейс енгізіледі

Taobao маркетплейсіне қазақ тіліндегі интерфейс енгізіледі
Фото: Taobao Kazakhstan
Платформада қазақстандық өнімдерді сатуға мүмкіндік беріледі.

Taobao Орталық Азия бөлімінің жетекшісі Кэролайн Рен өзінің платформаның Қазақстан нарығына арналған платформасы іске қосылғанын және алдағы уақытта ол қазақ тілінде де жұмыс істейді. Компания өкілінің айтуынша, бұл – Қазақстан мен жалпы Орталық Азия өңіріндегі тұтынушылармен байланыс орнатудың алғашқы әрі маңызды қадамы, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz  informburo.kz сілтеме жасап.

"Біз тілдік кедергілерді жойып, жергілікті тұтынушылардың сән және сәндік аксессуарлар, үй және тұрмыс өнімдері, ана мен бала тауарлары сияқты санаттарда әр түрлі әрі кең ауқымды өнімдерге кедергісіз қол жеткізуіне мүмкіндік береміз. Логистикадағы серіктесіміз – Cainiao компаниясының қолдауымен алдағы уақытта платформаға қазақ тіліндегі қызмет қосылады. Оған қоса, қазақстандық өнімдердің де платформада сатылуы үшін біз оларды Tmall Global платформасы арқылы Қытай тұтынушыларына таныстыру бойынша жұмысты да қолға алдық", – деді Taobao Орталық Азия бөлімінің жетекшісі Кэролайн Рен.

Оның айтуынша, соңғы жылдары Taobao жаһандық нарықтарға табысты еніп, Сингапур мен Малайзия сияқты елдерде айтарлықтай танымалдыққа ие болды.
Маркетплейстің интерфейс қолайлы әрі түсінікті бола түскен, онда қазақстандықтарға тауарлардың толық сипаттамасын ұсынылады және олардың бағасы да теңгемен қайта есептеледі. 

"Платформа Visa, MasterCard және Alipay International сияқты төлем әдістерін қолдайды және болашақта қосымша төлем опцияларын енгізуді жоспарлап отыр. Жергілікті үкіметтің талаптарына толықтай сай әрекет ете отырып, Taobao Kazakhstan компаниясының бас ұйымы Қазақстанда қосылған құн салығының төлеушісі ретінде тіркелген. Сәйкесінше, платформа тауарды сатып алған кезде оның ҚҚС мөлшерін көрсетіп, оны соңғы бағаға автоматты түрде қосады", – делінген Taobao Kazakhstan хабарламасында. 

Айта кетейік, қазіргі уақытта Taobao желісінде Алматы мен Астана сияқты ірі қалаларды қамтитын және басқа өңірлерге таралатын Қазақстан бойынша 200-ден астам алып кету пункті бар. Тауарлардың кең ассортиментіне кемінде 99 юаньға (шамамен 6 990 теңге) тапсырыс берілген кезде тегін жеткізу ұсынылады. 

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар