жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 16:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алпыстан астам жоба қаралды

Алпыстан астам жоба қаралды
ашық дереккөзі
Алпыстан астам жоба қаралды
Облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен «Бизнеске арналған үкімет» фронт-офисінде инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті. «Аяла Дар» ЖШС өкілдері физика, химия, биология, лингафон кабинеттеріне арналған мультимедиялық, проекциялық жабдықтарды жеткізу жобасын таныстырды. Компания оқытушылар арасында осы жабдықты пайдалану бойынша оқыту жүргізеді. Сонымен қатар серіктестік «Электрондық кітапхана» жүйесін ұсынды. Аймақ басшысы білім, мәдениет, цифрлық технологиялар басқармаларына жобаның маңыздылығы мен тиімділігін зерделеуді тапсырды. – Бұл салада маңызды шешімдер қабылдау барысында білім сапасын арттыру – басты міндетіміз екенін естен шығармауымыз керек. Мектептегі құрал-жабдықтар бос тұрмауы тиіс, оны барынша пайдалану қажет. Барлық ұйымдастыру мәселелері алдын ала жан-жақты зерделенуі қажет, – деді облыс әкімі. «Сантехцентр» компаниясы заманауи құрылыс технологияларын қолдана отырып, коммерциялық және әлеуметтік нысандарды жобалау және салу қызметтерін ұсынды. Облыс әкімі серіктестік ұсынған жобаларды қолданыстағы заңнамаға сәйкес зерделеуді тапсырды. Айта кетейік, жалпы бүгінге дейін инвестициялық штабтың отырыстарында жалпы құны 1,6 триллион теңгеден асатын 60-тан астам инвестициялық жоба қаралды. Бұл жобалар бойынша қазірдің өзінде 55 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылған.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар