жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 18:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Карим Бензема Франция құрамасы сапына қайта қосылмайды

Карим Бензема Франция құрамасы сапына қайта қосылмайды
ашық дереккөзі
Карим Бензема Франция құрамасы сапына қайта қосылмайды
Биылғы «Алтын доптың» иегері Карим Бензема Франция құрамасындағы мансабын аяқтағанын және халықаралық футболдан кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Жамбылинфо Еuronews-ке сілтеме жасап. «Мен барынша тырыстым және жіберген қателіктерім де болды, бұл мені бүгінгі жағдайға әкелді және мен оны мақтан тұтамын», - деп жазды футболшы Twitter парақшасында. Бензема жарақатына байланысты Қатарда өткен әлем чемпионатына қатыса алмады және өткен жылы командаға Ұлттар лигасында жеңіске жетуге көмектесті. Бұған дейін интимдік видео арқылы бопсалады деген айыппен шабуылшы ұлттық құрама сапында бес жыл ойнай алмаған болатын. Бұған дейін Франция құрамасы мен Испанияның «Реал Мадрид» клубының шабуылшысы Карим Бензема алған жарақатынан толықтай айығып, құрама сапына қайта қосылуы мүмкін екені хабарланған еді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар