Алтай Мырзабаев "Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін" төсбелгісімен марапатталды
- авторjambylinfo.kz
- 4 ақпан, 2025
- 480

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
2025 жылғы 2 ақпанға қараған түні Астана қаласының Есіл ауданында екі жеңіл автокөліктің соқтығысуы салдарынан өрт шыққан болатын. Сол сәтте отбасымен жол бойымен келе жатқан Алтай Мырзабаев еш ойланбастан әрекет етіп, өрт сөндіргішпен зардап шеккендерге көмекке ұмтылды.
"ТЖМ күштері келгенге дейін өртті сөндіріп жатқанда, жанымда тұрған куәгерге 112 нөміріне хабарласуын сұрап, кейін келгендердің барлығына өрт сөндіргіштерді әкеліңдер деп айқайладым! Содан кейін соққыдан қысылған екінші көліктен зардап шеккен екі адамды құтқаруға кірістім", – деп еске алады Алтай Мырзабаев.
Оның шұғыл әрекетінің арқасында өрт дер кезінде ауыздықталып, зардап шеккендер жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.
Бақытжан Бекболат
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Таразда «Шаңырақ күні» перзентханадағы аналарға құрмет көрсетілді
- авторСадуақас Айсұлу
- 16 наурыз, 2025