Жамбыл жаңалықтар
Таразда жазушы Мұхтар Мағауинді еске алу кеші өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 4 ақпан, 2025
- 903
Шара барысында қаламгердің «Тазының өлімі» брайль қаріпіндегі кітабының тұсауы кесілді
Таразда Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Түркияның Халықаралық "Түркі дүниесіне қызмет" сыйлығының сахибы Мұхтар Мағауинді еске алу кеші өтті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Әдеби нобат форматындағы іс-шараны Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы ұйымдастырды.
Еске алу кешіне зиялы қауым, оның ішінде Сәмен Құлбарақ, Темірбай Мұқашев, Бақытжан Махашұлы қатысты.
Шара барысында қаламгердің «Тазының өлімі» брайль қаріпіндегі кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Жиында оқушылар келген қонақтарға көкейіндегі сұрағын қойып, жазушының туындылары жөнінде мол мағлұмат алды.
Сонымен қатар Мұхтар Мағауиннің шығармаларынан үзінділер оқылып, арнау да айтылды.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
«Тәуелсіздік шежіресі» атты танымдық мәдени кеш ұйымдастырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 12 желтоқсан, 2025
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды
- авторМағжан Орынбасар
- 12 желтоқсан, 2025






