Әлемдік нарықта алтын мен күмістің бағасы рекордтық деңгейге дейін қымбаттады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сауда барысында алтынның бағасы 1,6 пайызға өсіп, бір унциясы 4689 долларға жетті. Ал күмістің құны 4,4 пайызға қымбаттап, унциясы 94 доллардан асты.
Сарапшылардың айтуынша, нарықтағы құбылмалылық АҚШ президенті Дональд Трамптың мәлімдемелерімен байланысты. Ол Құрама Штаттарға Гренландияны сатып алуға рұқсат берілмеген жағдайда, еуропалық одақтастарына қосымша баж салығын енгізетінін ескерткен.
Осы мәлімдемеден кейін Еуроодаққа мүше 27 мемлекеттің елшілері шұғыл жиын өткізіп, тарифтердің алдын алу жолдарын талқылады. Ал баж салығы енгізілген жағдайда, қарсы шаралар қабылдауға дайын екендерін білдірді.
Инвесторлар арасында геосаяси тәуекелдердің артуы қорғаныш активтері саналатын алтын мен күміске деген қызығушылықты күшейткен.




