сейсенбі, 20 қаңтар, 2026 12:13

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алматы – Орталық Азиядағы ең қымбат қала атанды

Алматы – Орталық Азиядағы ең қымбат қала атанды
gov.kz
Зерттеу барысында әлемнің 479 қаласындағы тұтыну шығындары салыстырылған.

Numbeo халықаралық платформасының жаңа зерттеуіне сәйкес, Алматы Орталық Азиядағы ең қымбат өмір сүретін қала болып танылды. Оңтүстік мегаполис бұл көрсеткіш бойынша Астана, Ташкент және Бішкекті артта қалдырған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Зерттеу барысында әлемнің 479 қаласындағы тұтыну шығындары салыстырылған. Есептеуде тұрғын үйге қатысты шығындар (жалға алу мен ипотека) есепке алынбай, азық-түлік бағасы, мейрамхана қызметтері, көлік пен коммуналдық қызметтер тарифтері негізгі көрсеткіш ретінде алынған.

Өмір сүру құнының индексі Нью-Йорк қаласының көрсеткіштерімен (100 балл) салыстыру арқылы есептелген. Яғни басқа қалалардың бағалары осы деңгеймен өлшеніп, арзан немесе қымбат екені анықталған.

Сарапшылардың мәліметінше, Нью-Йорктен қымбат қалалар қатарында тек Швейцарияның алты қаласы бар. Бұл тізімде көш бастап тұрған — Цюрих, оның индексі 118,5 балл, яғни Нью-Йорктен 18,5% қымбат.

Қазақстан қалаларының көрсеткіштері

Алматы — 401-орын, өмір сүру құнының индексі 33 балл (Нью-Йорктен 67% арзан);

Жалға алу құны — 15,7 балл;

Азық-түлік — 31,9 балл;

Мейрамханалар — 35,5 балл;

Сатып алу қабілеті — 55,7 балл.

Астана — 428-орын, индексі 29,7 балл;

Жалға алу — 12,1 балл;

Азық-түлік — 29,9 балл;

Мейрамханалар — 31,6 балл;

Сатып алу қабілеті — 62,5 балл.

Орталық Азиядағы басқа қалалар

Рейтингке өңірден тағы екі қала енген:

Ташкент — 431-орын;

Бішкек — 435-орын.

Әлемдегі ең арзан қалалар

Ең төмен өмір сүру құны бар қалалар қатарында Үндістан қалалары көш бастады:

Индор — 18,4 балл;

Лакхнау — 17,8 балл;

Коимбатур — 17,6 балл.

Зерттеу нәтижесі Алматының өңірдегі ең қымбат қала екенін көрсеткенімен, мегаполистегі өмір сүру құны әлі де әлемдік ірі қалалармен салыстырғанда айтарлықтай төмен деңгейде қалып отыр.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар