жұма, 20 қыркүйек, 2024 6:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алтын ұяда алғашқы қоңырау соғылды

Алтын ұяда алғашқы қоңырау соғылды
talas-gazet.kz
1 қыркүйек-Білім күні ауданға қарасты мектептерде жылдағы дәстүрмен аталып өтті. Атаулы күн аптаның жексенбісіне түскенімен ал­ғашқы қоңырау мерекесі ауыстырылған жоқ. Ерекшелігі сол биылғы салтанатты сап түзей жиынына тек 1-ші және 11-ші сынып оқушылары қатысты. Ойық ауылы Д.Қонаев атындағы орта мектепте ұйымдастырылған салтанатты шараға аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков, аудандық білім бөлімінің басшысы Мақсат Қазанғапов арнайы қатысты.

Округтегі Бөлтірік Әлмен­ұлы атындағы орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан онда білім алатын шәкірттер жаңа оқу жылын Д.Қонаев атындағы орта мектепте қарсы алмақ. Мектеп қабырғасындағы 116 оқушы арнайы бөлінген автобус арқылы осы білім ұясына тасымалданатын болады.
Жаңа оқу жылында атал­ған екі орта мектептен 19 оқушы 1 сыныпқа қабылданды.
Білім күніне арналған салтанатты жиында сөз алған Д.Қонаев атындағы орта мектептің директоры Ғылым Әлімханов және Бөлтірік Әлменұлы атындағы орта мектептің директоры Гүлфайруза Орманова ме­кемедегі атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы міндеттерге тоқталды.
Оқушылар үшін естен кет­пес сәтке толы жиында ардагер ұстаз Пана Рахманбердіұлы мен Маратбек Мұхтаров айтулы күнге орай ақ тілегін біл­дірсе, Нұрбол Әбдімәжитұлы: — Мектеп табалдырығын ал­ғаш аттап отырған кішкен­тай бүлдір­шіндеріміздің бо­ла­шаққа қаққан қанаттары талмай, еңсесі биік еліміздің білімді азаматтары болуына тілектеспін, — деп мұғалімдер мен оқушыларға жаңа оқу жылында сәттілік тіледі.
Мұнан соң аудан әкімі мектеп қабырғасын енді аттаған оқушыларға әліппе оқулығын табыстады.
Білім күніндегі алғашқы қоңырау соғу рәсімін 11 сынып оқушылары Әлижан Қосалы мен Гүлайна Есен және 1 сынып оқушылары Жандәулет Бидәулет пен Гаухар Кеңесбай жүргізді.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар