Таразда Мемлекеттік Рәміздер күніне арналған патриоттық форум өтті
- авторjambylinfo.kz
- 4 маусым, 2024
- 223
Салтанатты іс-шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, облыстық Ардагерлер кеңесінің мүшелері, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ қала тұрғындары мен белсенді жастар қатысты.
Жиында құттықтау сөз алған облыс әкімі Ербол Шырақбайұлы патриоттық форум Жамбыл облысының 85 жылдығымен тұспа-тұс келіп отырғанын айтты.
«Мемлекеттік рәміздер кез-келген елдің егемендігі мен біртұтастығының айнымас бөлшегі. Халқымыздың тарихынан сыр шертетін рәміздеріміз – мемлекеттің бойтұмарына айналды. Сондықтан мемлекеттің басты нышаны елтаңба, гимн және туға құрмет көрсету әрбір азаматтың парызы. «Туған жерім менің – Қазақстаным!» атты жыл сайын өтетін дәстүрлі париоттық форумы биыл Жамбыл облысының 85 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Бүгінде облыста 87 ұлттың өкілі бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Отанды құрметтеу – Мемлекеттік рәмізді құрметтеуден басталады. Ал бұл форум халқымыздың ауызбіршілігін нығайтуға зор үлес қосады деп сенемін», - деген облыс әкімі жиналған қауымды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады.
Сондай-ақ аймақ басшысы өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу жолында табанды еңбек етіп келе жатқан әр сала мамандарын арнайы Алғыс хаттармен марапаттады.
Форум жамбылдық өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасты
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз