Жаңалықтар
Алтын және күміс алқалы аналарға жәрдемақы автоматты түрде тағайындалады
- авторjambylinfo.kz
- 31 наурыз, 2023
- 348
Алтын және күміс алқалы аналарға жәрдемақы автоматты түрде тағайындалады
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Алтын алқа» немесе «Күміс алқа» алған аналарға жәрдемақы тағайындау бойынша проактивті қызмет көрсету кезіндегі адами факторды толығымен алып тастады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Бұдан бұрын осы жәрдемақыны проактивті форматта тағайындау кезінде Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және Еңбекминінің аумақтық департамент қызметкерлерінің қатысуы қажет болып, нәтижесі 7 жұмыс күніне дейін созылатын еді.
Ендігі жерде аталған қызметті проактивті форматта алған кезде жәрдемақы тағайындау ақпараттық жүйе арқылы жүргізіледі, соның арқасында қызмет көрсету мерзімі 1 жұмыс күніне дейін қысқарды.
Егер де көпбалалы ана «Алтын алқа» немесе «Күміс алқа» алқаларымен марапатталса, тиісті мәліметтер Еңбекминінің ақпараттық жүйесіне автоматты түрде түседі.
Әрі қарай жүйе проактивті форматта жәрдемақы тағайындауға келісім алу үшін 1414 нөмірінен SMS хабарлама жібереді.
SMS хабарламаға оң жауап алынған жағдайда жүйе жәрдемақы тағайындау туралы шешімді мүлдем адамның қатысуынсыз автоматты түрде қабылдайды.
Еңбекмині осындай тәсілді басқа да мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде де енгізуді көздеп отыр.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала