бейсенбі, 3 қазан, 2024 3:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдық музейге Түргеш заманындағы тиындар тарту етілді

Жамбылдық музейге Түргеш заманындағы тиындар тарту етілді
ашық дереккөзі
Жамбылдық музейге Түргеш заманындағы тиындар тарту етілді
Жамбыл облысының Байзақ аудандық тарихи-өлкетану музейі Түргеш қағанаты тұсындағы көне тиындармен толықты, деп жазады Jambylinfo.kz  ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. Сан ғасырлық тарихы бар құнды жәдігерді музей жанашыры Гүлназ Әлімқұлова тапсырған. «Тиындардың бір бетінде Түргеш тайпасының таңбасы түсірілген, келесі бетінде соды тілінде жазба түскен. Ал қақ ортасында ромб тәріздес тесігі бар. Тарихқа үңілер болсақ, мұндай ақшалар VІІІ ғасырда Түргеш қағанатының билік құрған тұсында Тараз және Суяб ақша сарайларында соғылып отырған», дейді Байзақ аудандық тарихи-өлкетану музейінің қор сақтаушысы Айдана Шотбасова. «Музейге сый» акциясы аясында табысталған жәдігер музейдің нумизматикалық коллекциялар қатарына қосылды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар