
Сарапшылардың айтуынша, бағаның күрт өсуіне Қытайдың АҚШ-қа қатысты жаңа кедендік баж салығын енгізуі себеп болған.
Алтынның биржадағы құны жаңа тарихи шекті еңсеріп, бір троя унциясы үшін 3 301,62 долларға жетті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Маусым айындағы алтын фьючерстері 1,89%-ға, яғни, 61,22 долларға қымбаттаған.
Ал геосаяси шиеленістер аясында алтын сұранысқа ие.