жексенбі, 22 желтоқсан, 2024 20:59

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алжир боксшысы Иман Хелиф трансгендер екені рас па

Алжир боксшысы Иман Хелиф трансгендер екені рас па
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Олимпиададағы дауға халықаралық олимпиада комитеті нүкте қойды

Париждегі шудан соң ХОК Хелифтің жынысын ауыстырмағанын айтты. Бұл туралы спорт журналисі Руслан Меделбек "Азаттық" телеграм арнасына жазды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Журналистің жазуынша, Иман Хелиф өмірге тестостероны көп болып келген.

"Алжирде жыныс ауыстырған адам олимпиадаға келмек түгілі қатты қудалауға ұшырар еді. 
Бұған дейін жеңіл атлетикадан оңтүстік африкалық Кастер Семеня әйелдер арасында 800 метрге жүгіруден екі рет олимпиада чемпионы атанып, 2019 жылы халықаралық жеңіл атлетика федерациясы тестостерон ережесін өзгертіп, Семеняны жарыстан шеттете бастаған. Атлет тестостерон азайтатын дәрі де ішкен еді. Ал алжирлік боксшы еркек емес, бірақ осыған дейін әлем чемпионатынан шеттетілген", -деп жазды ол. 

Еске салайық, күні кеше Париж олимпиадасында  италиялық боксшы Анджела Карини Иман Хелифті трансгендер деп айыптап, жекпе-жектен кейін олимпиадаға қатысудан бас тартқан болатын. 

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар