Жарылғыш заттар кинологтардың көмегімен табылған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Жамбыл облысы Полиция департаменті жедел басқару орталығынан 5513 әскери бөлімінің жедел кезекшісіне Асқаров көшесіне кинолог жіберу туралы тапсырма түскен.
Бөлім командирінің шешімі бойынша жарылғыш заттарды іздеуді ұйымдастыру үшін қызметтік иті бар кинолог маманды қолдану туралы шешім қабылданды. 5513 әскери бөлімінің әскери қызметшісі кіші сержант Абдусамат Мамашарипов «Белла» атты қызметтік итпен Асқаров көшесінің аяқ жағындағы тоғайды еркін іздеу әдісімен тексеруге кіріскен.
Жергілікті аумақты толық қарау барысында қызметтік ит тастардың маңында қозғалмай «қатып қалу» әрекетімен белгі берді. Белгі алысымен саперлар тобының техникалық құралдары көмегімен тексеру жүргізіп, тастың астынан құпия түрде шүберекке оралған заттар табылды. Шүберек ішінінен: 1 дана-«РГД-5» жарылғыш заты, 2 дана «Байкал» тапаншасы, 2 дана оқжатар, 30 дана-5,45 мм калибрлі және 14 дана - 9 мм калибрлі оқ-дәрілер табылды", - деп жазылған ведомствоның хабарламасында.
Нәтижесінде кинологтар тобының бастығы, кіші сержант Абдусамат Мамашарипов бөлім командирінің құзырымен марапатқа ұсынылған.
Ұқсас жаңалықтар
Анаға тағзым орталығында жеңімпазбен кездесу өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024
25 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024