сейсенбі, 1 қазан, 2024 9:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қамаудағы журналист Думан Мұхаммедкәрім аштық жариялады

Қамаудағы журналист Думан Мұхаммедкәрім аштық жариялады
ашық дереккөзі
Қамаудағы журналист Думан Мұхаммедкәрім аштық жариялады

Қамаудағы журналист Думан Мұхаммедкәрім аштық жариялады

Бұл туралы Азаттыққа оның адвокаты Ғалым Нұрпейісов хабарлады.

Оның айтуынша, Думан Мұхамедкәрім БАҚ өкілдерін өзіне кіргізуді талап етіп отыр. Әуелі журналисте дәрі-дәрмек болмағандықтан 24 наурызда аштықты бастаған. 25 наурызда кешке оған дәрі-дәрмек жеткізілген.

"24 наурызда апелляциялық сот өтіп, шешім өзгеріссіз қалды. Сот кезінде көптеген заңсыздықтар болды. Думан әлі кандидат болғандықтан оның иммунитеті бар. Бірақ сот біздің айтқанымызды ескерген жоқ. Енді кассациялық сотқа шағымданамыз" деді Ғалым Нұрпейісов.

Оның сөзінше, Думан Мұхамедкәрім қазір Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының орталығы Есік қаласында қамауда отыр.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар