сейсенбі, 1 қазан, 2024 12:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстандық садақшылары Жамбы ату Азия кубогында жеңіске жетті

Қазақстандық садақшылары Жамбы ату Азия кубогында жеңіске жетті
ашық дереккөзі
Қазақстандық садақшылары Жамбы ату Азия кубогында жеңіске жетті

Қазақстандық садақшылары Жамбы ату Азия кубогында жеңіске жетті

Наурыз мейрамын мерекелеу аясында және ұлттық спорт түрлерін дәріптеу мақсатында Шымкент қаласында алғаш рет 2023 жылғы 20-22 наурыз аралығында жамбы атудан Азия Кубогы өтті. Іс-шара Great Qazaq Games ірі этнофестивалі бағдарламасының бір бөлігі болды.

Жарыста Иран, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Польша, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Сауд Арабиясы және Қазақстан сияқты 9 елдің үздік ат садақшылары өздерінің ептілігін мен дәлдігін көрсетті.

Турнирдің алғашы екі кезеңі «Азия стилі» және «Түрік стилі» бойынша жүргізілсе, үшінші кезеңде мергендер «Қазақ стилі» бойынша өткізілді. Әр стильдің өзіндік ерекшеліктері бар.

Жүлделі орындар келесідей бөлінді:

1) Азиялық стилі бойынша:

1 орында - Сарыбай Айтбек (Қазақстан) - 74,464 ұпай; 2 орында Цогту Темучин (Монғолия) - 74,152 ұпай; 3 орында Айкөз Ералхан (Қазақстан) - 71,733 ұпай.

2) Түрік стилі бойынша:

1 орын - Озгон-Улзи Баттулга (Монғолия) - 53,072 ұпай;2 орын - Айкөз Ералхан (Қазақстан) - 45,195 ұпай; 3 орын - Бабажан Бақдәулет (Қазақстан) - 44,453 ұпай.

3) Қазақ стилі бойынша:

1 орын - Бабажан Бақдәулет (Қазақстан) - 56,719 ұпай;2 орын - Сарыбай Айтбек (Қазақстан) - 50,468 ұпай; 3 орын - Айкөз Ералхан (Қазақстан) - 49,443 ұпай.

Жамбы атудан Азия Кубогының қорытындылары бойынша жалпы есепте Қазақстан құрама командасыныңсадақшылары жеңіске жетті: 1 орында – Бабажан Бақдәулет- 278,55 ұпай; 2 орында - Айкөз Ералхан - 268,66 ұпай; 3 орында - Сарыбай Айтбек - 229,67 ұпай.

Барлық қатысушылар іс-шараның жоғары ұйымдастырылуын және оның мәдени мұраны сақтау тұрғысынан маңыздылығын атап өтті. Азия кубогын ұйымдастырушылар - Жамбы ату республикалық федерациясы, Шымкент қаласының әкімдігі мен Спорт басқармасы, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы, сондай-ақ ҚР МСМ «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы»РМҚК. Осы жылда Жамбы ату Азия Кубогына атақты спортшылар – Мустафа Эниз Юрдакок (Түркия), Джанг Ли (Қытай), қазақстандық спортшылар Сарыбай Айтбек, Айкөз Ералхан, Бабажан Бақдәулет, Абзал Тулыбеков, ҒалымжанӨміртай, Нурсултан Жусубалин, және белгілі садақшы-қыздар - Анна Сакольска (Польша), Любовь Морока (Иран) белсене қатысты.  

Іс-шараның бас демеушілері «Alageum Electric»қазақстандық электротехникалық холдингі және «Электромонтаж» ("ЭЛМО") АҚ.

Анықтама: «Жамбы ату» Ұлттық спорт түрінің федерациясы 2004 жылы Қазақстанда құрылған ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының құрамына кіреді. Федерация Оңтүстік Кореяда Дүниежүзілік садақ ату Федерациясынан (жамбы ату) аккредиттелген. Қазақстанның 6 облысында өкілдіктер бар. Федерация мүшелері 200-ден астам спортшы болып табылады, олардың арасында әлемдік, континенттік біріншіліктердің жеңімпаздары бар. Қазіргі уақытта Қазақстанда ұлттық спорттың осы түрінен 5 Әлем чемпионы және 2 Азия чемпионы бар.

2023 жылғы қаңтар айында «Жамбы ату федерациясы» РҚБ басшысы болып «Alageum Electric» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, «Қазақстанның электр машиналарын жасау қауымдастығы» ЗТБ басқарма басшысы, YPO Kazakhstan мүшесі Еркебұлан Ілиясов сайланды. Федерацияның жаңа басшылығын сайлаумен жамбы атуды дамыту бойынша бірқатар ауқымды іс-шаралар жоспарланып, өткізілуде, атап айтқанда: өңірлер мен елді мекендерде спорт секциялары мен оқу орталықтарын құру, жаттықтырушы-оқытушылар құрамын даярлау, республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарды ұйымдастыру және өткізу көзделген.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар