Жаңалықтар
Америкалық журналист Нидерланд-Аргентина матчы кезінде көз жұмды
- авторjambylinfo.kz
- 10 желтоқсан, 2022
- 586
Америкалық журналист Нидерланд-Аргентина матчы кезінде көз жұмды
Америкалық журналист, CBS қызметкері және «Бекхэм тәжірибесі» кітабының авторы Грант Валь Қатарда футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатында Нидерланд пен Аргентина матчы кезінде көз жұмды, деп хабарлайды Жамбылинфо ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы оның бауыры әлеуметтік желіде мәлімдеді. Журналистің қайтыс болғанын АҚШ футбол федерациясы да растап, көңіл айтты.
Марқұмның бауыры Гранттың денсаулығы жақсы болғандығын, сондықтан оның өз өлімімен қайтқанына сенбейтінін жеткізді.
ТАСС агенттігінің мәліметіне қарағанда, Грант Валь Аргентина – Нидерланд матчында футбол шолушысы болған.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Бразилияның бас бапкері орнын босатқанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Лионель Месси әлем чемпионаттарындағы оныншы голын соқты.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Бас прокурор: "Азаматтардың құқығын қорғау – басты назарда"
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енген тұңғыш қазақ атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 5 желтоқсан, 2025






