жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 16:17

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Үстел теннисі: Қазақстандық алғаш рет әлем чемпионатында «алтын» алды

Үстел теннисі: Қазақстандық алғаш рет әлем чемпионатында «алтын» алды
ашық дереккөзі
Үстел теннисі: Қазақстандық алғаш рет әлем чемпионатында «алтын» алды
Тунисте жасөспірімдер арасында үстел теннисінен әлем чемпионатында қазақстандық Алан Құрманғалиев аралас сында мысырлық Хана Годамен бірге жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Жамбылинфо ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. Қазақстан үстел теннисі федерациясынан мәлім еткеніндей, қазақстандық-мысырлық жұп финалда португалиялық Тьяго Абиодана – испаниялық Мария Берзосадан басым түсті. «Бұл – тарихи жетістік! Алан Құрманғалиев әлем чемпионы атанды. Бұл – қажырлы еңбек пен спортшының өз ісіне берілгенінің жемісі. Алан жыл бойы үзбей жаттығып, шеберлігін жетілдіре отырып, халықаралық жарыстарда 19 медальға қол жеткізді. Бүгін Қазақстан үстел теннисі тарихында алғаш рет әлем чемпионы атанды. Бұл спорт түрінен еліміз жаңа халықаралық деңгейге көтерілді. Бұл бәріміз үшін аса маңызды. Чемпионды тәрбиелеген бапкер Эльмира Алиеваға алғысымды білдіремін. Алан мен барлық жанкүйерлерді құттықтаймын. Біздің спортшымызбен мақтанамыз!», деді Қазақстан үстел теннисі федерациясының президенті Данияр Абулғазин. Э. Алиева – Қазақстан үстел теннисі құрамасының бас бапкері әрі Аланның жеке жаттықтырушысы. Ол Аланды жеті жасынан бері жаттықтырып келеді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар