сейсенбі, 1 қазан, 2024 4:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ана мен бала өлімінің көрсеткіштері нашарлап кетті- Смайлов

Ана мен бала өлімінің көрсеткіштері нашарлап кетті- Смайлов
ашық дереккөзі
Ана мен бала өлімінің көрсеткіштері нашарлап кетті- Смайлов
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Сонымен қатар, ерекше назар аударатын бірқатар өзекті мәселелерге тоқталғым келеді. Бірінші. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты халықтың тарапынан түсіп жатқан арыз-шағымдар көп. Бірінші кезекте, дәрігерлік көмектің көлемі жеткіліксіз деп шағым айтуда. Денсаулық сақтау министрлігіне Қаржы министрлігімен бірлесіп, биылғы жылғы 1-ші қарашаға дейін оларды қаржыландыруды жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындауды тапсырамын. Екінші. Ана мен бала өлімінің көрсеткіштері нашарлап кетті. Бұл шұғыл шаралар қабылдауды және әйелдер мен жаңа туған нәрестелердің денсаулығына тұрақты мониторинг жүргізуді талап етеді. Мүмкіндігі шектеулі балаларға уақытылы оңалту көмегін көрсетуге ерекше назар аудару қажет. Өңірлермен бірлесіп, заманауи перинаталдық орталықтар салу, балалар ауруханаларын қазіргі заманғы диагностикалық және оңалту жабдықтарымен жарақтандыру жөнінде шаралар қабылдау қажет», - деді Үкімет басшысы. Сондай-ақ, ол кадрлық әлеуетті нығайту үшін жыл сайын резидентура гранттарын бөлінетінін атап өтті. «Өңірлер де өз гранттарын ұлғайтуы тиіс. Бұл медицина кадрларының тапшылығын төмендетуге мүмкіндік береді. Төртінші. Денсаулық сақтауды цифрландыру мәселесі маңызды. Бұл бағытта үлкен жұмыстар атқарылуда. Барлық шаралар халыққа көрсетілетін қызметтердің жеделдігін, пациенттердің деректер базасының құпиялылығы мен сақталуын жақсартуға бағытталуы тиіс. Цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, медициналық ақпараттық жүйелерді біріздендіру мен интеграциялауды қамтамасыз ету керек. Бесінші. Денсаулық сақтау министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және өңірлермен бірлесіп, осы жылдың қараша айында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын келісуді және бекітуді қамтамасыз етуі қажет», - деді Әлихан Смайылов.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар