Жаңалықтар
Дәрігер мамандығының беделі артып келеді – Үкімет басшысы
- авторjambylinfo.kz
- 21 қыркүйек, 2022
- 375
Дәрігер мамандығының беделі артып келеді – Үкімет басшысы
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың пайымынша, елімізде дәрігер мамандығының беделі артып келеді. Ол бұл сөзіне дәрігерлердің айлығы қалай өсіп жатқанын мысал етіп келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат .
«Біздің міндетіміз – әрбір азаматты сапалы әрі қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз ету. Бұл үшін денсаулық сақтау объектілерін салуға, медициналық техника сатып алуға, заманауи технологияларды енгізуге, кадрларды оқытуға қомақты қаражат жұмсалуда.
Қазіргі таңда магниттік-резонанстық томография, компьютерлік томография сияқты қымбат медициналық зерттеулер қолжетімді болды.
Былтыр науқастарды радиохирургиялық емдеуге арналған Орталық Азия елдеріндегі тұңғыш Гамма-пышақ орталығы ашылды.
Медицина қызметкерлерінің жалақысы айтарлықтай өсті. Биыл олардың орташа жалақысы 420 мың теңгені, орта медициналық қызметкерлердің жалақысы 234 мың теңгені құрады. Дәрігер мамандығының абырой-беделі арта түсуде»,- деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.
Сондай-ақ, ол «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық жобасы әзірленіп жатқанын еске салды.
«2025-ші жылға қарай ауылдық елді-мекендерде 650 алғашқы медициналық-санитарлық көмек объектісін салу көзделіп отыр. Сондай-ақ, 32 аудандық аурухана жаңғыртылатын болады.
Жалпы, жүргізіліп жатқан жүйелі шаралар денсаулық сақтаудың сапасын жақсартуға және қолжетімді болуына бағытталған», - деді Премьер-Министр.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Жаңа заң: Дәрігерлердің қателігі үшін науқасқа ақы төленеді
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 қараша, 2024
Жаңалықтар
Ақтауда қатты жел соғып, қаланың тең жартысы жарықсыз қалды
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 қараша, 2024