"Аналары емізіп отырып, ұйқыға кеткен": Павлодар облысында екі сәби шетінеді
- авторjambylinfo.kz
- 23 тамыз, 2024
- 1.4k

Павлодар облысында бір аптада екі сәби аналарының қателігінен көз жұмды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Оқыс оқиғалар туралы Inbusiness.kz. сайты Павлодар облыстық балалар ауруханасының дәрігерлеріне сілтеме жасай отырып хабарлады.
"20 тамыз күні 28 күндік нәресте көз жұмды. Анасы түнде тамақтандыру кезінде ұйықтап қалып, кеудесімен басып қалған", – дейді Павлодар облыстық балалар ауруханасының дәрігері Жұлдыз Шахитдинова.
Ал екінші жағдай 14 тамыз күні болған.
“Нәресте екі ай жеті күндік болған. Шала туылғандықтан салмағы аз. Анасы емізіп жатып ұйықтап қалған. Таңертеңгі сағат 03:15-те әйел оянғанда нәрестені өлі күйінде болған", – дейді дәрігер.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жуалыда қауіпсіздікке бағытталған рейдтер жалғасуда
- авторБақытжан Бекболат
- 11 мамыр, 2025
Мемлекет басшысы анасы туралы әсерлі жазба қалдырды
- авторБақытжан Бекболат
- 11 мамыр, 2025