«Менікі көп болады-ау». Назым Қызайбай қалың малы қанша болатыны туралы айтты
- авторМағжан Орынбасар
- 23 тамыз, 2024
- 493
Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай қалың малы қанша болатыны туралы айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Sport Plus Qazaqstan ютуб-арнасына сұқбат берген Назым Қызайбай көңіл білдірген жігіттерге қоятын талабы, қалың малы қанша болатыны жайында журналист сұрағына жауап берген. Мысалы, боксшы қыз жігіттің материалдық жағдайына аса мән бермейді екен. Өйткені, үйленетін жігіттер отбасын асырай алуы керек.
«Мәселе жігіттердің ақшасына мән бергенде емес, әрбір жігіт жанұялы болу үшін, алдымен өзі аяққа тұру керек. Ата-анасына, біреуге сеніп жүруге болмайды. Бай емес, жанұяның жағдайын жасаса болды»,- дейді ол.
Бір сұқбатында дзюдошы Әбиба Әбужақынова өзінің қалың малы 5 млн тенге екенін айтқан. Осы орайда журналсит Назымға да осы сұрақты қойды.
«Әбибаның қола медалі жоқ, менікі көп болады-ау (күлді). Қалың мал деген заттарға көп назар аудармаймын. Мен өзім той дегенді құптамаймын. Негізі мен анаммен сөйлескен кезде мен той болғанын қаламаймын деп айтатынмын. Бізде несие алып той жасайды. Оны қанша жыл төлеп жүреді. Мен сондай әрекеттерге қарсымын. Оданша неке қиып, дәстүр бойынша болғаны, тойды ел үшін емес, өзің үшін жасаған дұрыс. Бірақ бұл пікірімді үйдегілер қолдамайды. Олар мен тұрмысқа шықсам, дүркіреген той болса дейді», - деді Назым Қызайбай.
Ұқсас жаңалықтар
Атырауда құтқарушылар саусағы шайбаға кірген балаға көмектесті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
«Көзіне пышақ кіріп кеткен». Петропавлда үш жасар сәби ауруханаға түскен
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024