"Европаша ма, арабша ма?":Журналист Қымбат Досжан немересіне өзгеше есім берген
- авторМағжан Орынбасар
- 23 тамыз, 2024
- 672
Танымал журналист Қымбат Досжан немересіне ерекше ат қойған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қымбат Досжан немересінің атын Айтотым деп қойған. Таңдауының неге бұл есімге түскенін ол жазбасында түсіндірген.
"Айтотым деп атадым немеремді! Айтоты - қазақтың мықты, арда азаматы, жазушы, драматург Асқар Сүлейменовтің анасының аты. Азан шақырып қойған есімі Қымбат екен анамыздың. Апамыздың ақылы мен көркіне, сұлулығына тәнті болған ел-жұрты Айтоты деп атап кеткен. Осындай мықты анадан туған Асқар Сүлейменов ағамызды мен ең алғаш "Жетінші палата" спектаклін тапсыру кезінде көріп, әсіресе құс мұрынды келбетіне таңғалған едім. Жазушы ағамыздың сол спектакльдің тапсырылу кезінде айтқан сөздерін бүкіл театр артистері, Жүргенов театр өнері студенттері ұйып тыңдаған едік. Ой иірімдері тура бір ғарыш секілді еді. Қарагөз сіңлімді құлағдар етіп, әжесінің есімін немереме қойғанымды айтып қуанттым. Немере қатары көбейе берсін, Балайым Айтотым атты сіңлілі болды. Ал сіздер ұл-қыздарыңызды қалай атап жүрсіздер? Европаша ма, арабша ма, әлде қазақша ма? Қай ұлттың есімі ұнайды ", - деп жазды Қымбат Досжан.
Ұқсас жаңалықтар
Енді мұғалімдерді балағаттағандар қомақты айыппұл арқалайды
- авторjambylinfo.kz
- 18 желтоқсан, 2024