Жаңалықтар
Анасын өлтірген 16 жастағы балаға қатысты сот отырысы жабық режимде өтпек
- авторjambylinfo.kz
- 5 шілде, 2024
- 677
Желіде желдей ескен қайғылы хабарға сүйенсек, 16 жастағы бала өз анасын өлтірді деген күдікке ілінген. Шыңғырлау ауданында 2023 жылдың 18 қазанында осы өлімге қатысты тергеу сегіз айға созылған, – деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Бұл іс тек шілде айында ғана сотқа берілген екен. Нақты деректерде әйелдің оқиға орнында көз жұмғаны айтылады. Бұл істі мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соттың судьясы Динара Гильманова қарайтын болады. Сотталушы кәмелетке толмаған болғандықтан, сот отырысы жабық режимде өтеді. Жасөспірімге ҚР ҚК-нің 99-бабы, яғни «Кісі өлтіру» бойынша айып тағылған. Басты сот талқысы өтетін күн белгіленбеген. Ауыл әкімдігі аталған отбасының өте жақсы екенін, ешбір мүшесі есепке алынбағанын мәлімдепті.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала