«Көңілім құлазыды»: депутат Нұргүл Тау студенттердің жатақханасын көріп, жағасын ұстады
- авторИндира Тәліпқызы
- 4 шілде, 2024
- 845
Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында мәжіліс депутаты Нұргүл Тау Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті мен Мұртаза атындағы Тараз инновациялық институтының жатақханаларын аралап көрді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Депутаттың айтуынша, бұл жатақханаларда студенттердің қауіпсіздігі назарға алынбаған.
«Еліміздің студент жастар маған көп хат жазады. Олардың басты базынасы - жатақхана мәселесі. Жастардың жанайқайы орынды екен. Бүгінге дейін қаншама қаладағы жатақханаларды аралап жүрмін. Бәрінің жағдайы мәз емес. Міне, Тараздағы мемлекеттік университеттің жатақханасын көзбен көріп, көңілім құлазып кетті. Не комфорт жоқ, не қауіпсіздік мәселесі қарастырылмаған. Не дабыл қаққыш жұмыс істемейді», - деген депутат аймақтағы іргелі оқу орнының ректорына қарата бұл мәселені назарға алу керегін ескертті.
Сонымен қатар, Нұргүл Тау бұл жатақханаларды күрделі жөндеу және қауіпсіздік мәселесін тезірек шешу үшін Астанадан ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінен арнайы өкіл келгенін де атап өтті.
Депутат бұдан кейін Тараздағы университеттердің жатақханаларындағы мәселелерді жіті назарда ұстайтынын атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
Қордай ауданы мешіт салу бойынша көш бастап тұр
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024