«Көп нәрсеге көніп, іштей тынады» - Қайрат Әділгерей қазақ қыздары туралы әсерлі ой тасады
- авторҚұралай Сейсенбекқызы
- 4 шілде, 2024
- 700
Әзіл әлемінде өзіндік қолтаңба қалдырып үлгерген әзілкеш актер Қайрат Әділгерей қыздарға қамқор болу мен құрмет көрсетудің орны маңызды екенін айтады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Оның айтуынша, нәзік жандыларды бүкіл қазақ қоғамы қонақ деп аялау керек.
«Қыз бала әкесіне жақын келеді. Қыз баланы еркелетіп, сырласып, ішкі жан-дүниесін түсінетін, дегенін жасай алатын әке ғана! Уақыт өте келе қыз бала біреулер үшін бойжеткен, келіншек, әйел болады, тек әкеге ғана өмір бойы қызы болып қала бермек» – дейді Қайрат Әділгерей.
Оның айтуынша, оны мен қызының арасындағы байланыс шексіз.
«Қыз бала бойжетіп, ұзатылғанда ата-анасы көз жасына ерік береді. Ал әкесіне бұл жағдай анасына қарағанда екі есе ауыр тиеді екен. Жарының жан сырына үңіле білді ме әкесі? Қажеттілігін өтей алды ма? Оның ойы мен қалауына құлақ аса білді ме? Сол ұзатылар сәтте осы нәрселерді ой елегінен өткізіп, өткенге оралып, қызын көз жасқа ерік беріп, шығарып салатыны сондықтан шығар?! Қыз ұзатылғанда баланың мойнына артылған жүгі мен жауапкершілігі өте қиын. Көп нәрсеге көз жұмып, жанұясының бірлігі мен ынтымағы, тыныштығы үшін, іштей тынып, көніп кете береді. Өмір бойына әкесіне ғана еркелеп өтеді!» – деп жазды ол.
Ұқсас жаңалықтар
«Заң және тәртіп»: Жуалыда прокурорлар жастармен кездесу өткізді
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024
Енді мұғалімдерді балағаттағандар қомақты айыппұл арқалайды
- авторjambylinfo.kz
- 18 желтоқсан, 2024