Жаңалықтар
Қарағанды облысында 19 көлік соқтығысты: апатқа не себеп болды?
- авторjambylinfo.kz
- 23 қаңтар, 2025
- 417

Алдын ала ақпарат бойынша, апат жылдамдықты асыру мен қауіпсіз арақашықтықты сақтамау салдарынан болған
Қарағанды облысында 19 көлік қатысқан жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«ҚазАвтоЖол» компаниясының мәлімдеуінше, 23 қаңтарда сағат 10:30-да Екатеринбург-Алматы автожолының қайта жаңартылған учаскесі Балқаштан Қарағандыға дейін ашылды. Бірақ, 12:30-да осы учаскенің 1630-шы шақырымында 19 жеңіл көлік соқтығысты.
Қазіргі уақытта оқиға орнында Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері мен жедел жәрдем жұмыстары жүргізілуде.
Бақытжан Бекболат
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Қазақстан Байқоңырдағы аэродромды жөндеуден бас тартты
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Сарысу ауданында заманауи компьютерлік томограф іске қосылды
- авторjambylinfo.kz
- 18 наурыз, 2025