Қазақстан Байқоңырдағы аэродромды жөндеуден бас тартты
- авторСадуақас Айсұлу
- Бүгін, 16:06
- 66
Қазақстан «Юбилейный» аэродромын жөндеуді жоспарламайды, бірақ инвесторлардың ұсыныстарын қарастыруға дайын, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Аталған аэродром 1994 жылы Ресейге арендаға берілген Байқоңыр кешенінің құрамына кіреді. Қазіргі уақытта ол жұмыс істемейді, ал оның басқарылуын Роскосмосқа қарасты Жер үсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерін пайдалану орталығы жүзеге асырады.
Аэродромның инфрақұрылымы қанағаттанарлықсыз жағдайда, ал оның ұшу қауіпсіздігі халықаралық талаптарға сәйкес келмейді. Сондықтан оның жұмысын жалғастыру үшін ауқымды қаржылық инвестициялар қажет екені атап өтілген.
«Аэродромның жағдайы, жолаушылар ағынының төмендігі және Байқоңырда экспорттық тауар өндірілуінің жоқтығын ескеріп, оны мультимодальды әуе хабы ретінде пайдалану қазіргі таңда тиімсіз деп санаймыз», – деп мәлімдеді үкімет басшысы.
Алайда, Қазақстан үкіметі аэродромды жөндеу бойынша қызығушылық танытқан инвесторлардың ұсыныстарын қарастыруға дайын.