Қарағанды облысында су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда
- авторАяжан Дәулетбекқызы
- 22 наурыз, 2025
- 120

Қарағанды облысында су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Өңірде көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында белсенді шаралар атқарылуда. Бүгін Осакаров ауданы, Николаевка ауылы маңындағы Сабырқожа өзенінде мұз кептелістерін жою үшін 8 559 шаршы метр аумақта жарылыс жұмыстары жүргізілді.
Алдын алу шаралары Нұра, Өткелсіз, Жаманқон, Құланотпес, Есіл және Үлкенқұндыз өзендерінде де жүзеге асырылды. Жалпы жарылыс жұмыстары 14 мың шаршы метрден астам аумақты қамтыды. Сонымен қатар, аймақта су тасқыны қаупін төмендету үшін 2,3 миллион текше метрден астам қар шығарылды, 10 тоннадан аса инертті материал төселді.
Сондай-ақ, 87 шақырымнан астам арықтар мен 3 765 су өткізу құрылыстары тазартылып, 42 шақырымнан астам траншеялар қазылды, 11 мыңнан аса инертті материал салынған қаптар төселді.
Ұқсас жаңалықтар
Петропавл әкімі: Саяжайларды су басса, өтемақы төленбейді
- авторjambylinfo.kz
- 26 наурыз, 2025
Ақтөбе облысында полицейдің салғырттығы адам жарақатына себеп болды
- авторjambylinfo.kz
- 26 наурыз, 2025