Жаңалықтар
Астанада LRT құрылысына байланысты жол қозғалысы өзгертіледі
- авторАяжан Дәулетбекқызы
- 22 наурыз, 2025
- 158

22 наурыз бен 5 маусым аралығында елордадағы бірнеше жол учаскесінде қозғалыс схемасы уақытша өзгереді
Астанада LRT құрылысына байланысты жол қозғалысы өзгертіледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
22 наурызда сағат 00:00-ден 06:00-ге дейін Мәңгілік Ел даңғылы Сығанақ көшесімен қиылысқан жерде толық жабылады.
24 наурызда сағат 06:00-ден 00:00-ге дейін сол учаскеде парапет формасын бұзу жұмыстары жүргізіледі, сондықтан даңғыл қайта жабылады.
25 наурыз бен 25 сәуір аралығында Сығанақ көшесінің Мәңгілік Ел даңғылы қиылысына жақын учаскесінде екі жолақ азаяды.
Сонымен қатар, 23 наурыз бен 23 тамыз аралығында Қабанбай батыр даңғылының бірнеше учаскесінде LRT станцияларының фасадтарын салу үшін жолды екі жолаққа дейін тарылтады.
Жүргізушілерден маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Петропавл әкімі: Саяжайларды су басса, өтемақы төленбейді
- авторjambylinfo.kz
- 26 наурыз, 2025
Жаңалықтар
Ақтөбе облысында полицейдің салғырттығы адам жарақатына себеп болды
- авторjambylinfo.kz
- 26 наурыз, 2025