Жаңалықтар
Қарағандыда балабақшадан өрт шығып, 82 бала эвакуацияланды
- авторСадуақас Айсұлу
- 16 қаңтар, 2025
- 902
Өрттің себебі анықталып жатыр.
Мекеменің жертөлесінде тұрған заттар мен электр қалқанының автоматы жанған. Құтқарушылар өртті жедел сөндірді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz atamekenbusiness сілтеме жасап.
Төтенше жағдай қызметкерлері ғимараттан 88 адамды, оның ішінде 82 баланы қауіпсіз жерге шығарды.
Оқиға орнында психологтар мен дәрігерлер жұмыс істеді. Медициналық көмек ешкімге қажет болмады.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Биыл ең көп турист барған курорттық аймақ белгілі болды
- авторСадуақас Айсұлу
- 14 желтоқсан, 2025






