жұма, 4 қазан, 2024 6:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

АРАЛАРЫҢДА БІР ЖІГІТ ЖОҚ ПА? ҚУАТ НАЙМАН ҚАЗАҚ ФУТБОЛШЫЛАРЫ ТУРАЛЫ

АРАЛАРЫҢДА БІР ЖІГІТ ЖОҚ ПА? ҚУАТ НАЙМАН ҚАЗАҚ ФУТБОЛШЫЛАРЫ ТУРАЛЫ
ашық дереккөзі
АРАЛАРЫҢДА БІР ЖІГІТ ЖОҚ ПА? ҚУАТ НАЙМАН ҚАЗАҚ ФУТБОЛШЫЛАРЫ ТУРАЛЫ
Танымал спортшы, ережесіз жекпе-жек шебері Қуат "Найман" Хамитов желідегі ресми парақшасында қазақ футболшыларына өкпесін білдірді, – деп хабарлайды Жамбылинфо Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап..
“Жігіттерге айтарым бар. Мен осы футбол тақырыбын 2016-2017 жылдардан бері көтеріп келемін. Сол кездерден бері араларыңнан бір ер жігіттің шықпағаны ма? Бүкіл футбол қауымдастығында бір жігіт жоқ па? Бәрің ауылдан шығарсыңдар, елде жағдай нашар екенін көріп жүрсіңдер ғой. Ауылдарда жол, медицина, аурухана, жедел жәрдем көлігі жоқ, не жұмыс жоқ. Жастар қандай іспен айналысарын білмейді", – деді Қуат Хамитов.
Оның пайымынша, футболшылар алып отырған жалақыларын ақтамайды және спорттағы жетістіктері де жоқ.
"Осы күнге дейін футболшылардың арасынан бір адам шыға ма деп күттім. “Жігіттер, халықтың ақшасын алғанды тоқтатайық, 30 жылда футболға 1,5 миллиард ақша кетті. Көрсетіп жатқан нәтижеміз жоқ. Не бір жарыстан ұтпадық. Әлемдік рейтингте 99-100-орында тұрмыз. Халықты тонағанды тоқтатып, демеушіні өзіміз тауып, шамамыз келгенше өзіміз нәтиже көрсетейік" дейтін бір жігіт шыға ма деп едім! Жоқ", – деді спортшы. [video width="1080" height="1920" mp4="http://jambylinfo.kz/wp-content/uploads/2023/11/obrashhenie-vsem-futbolistam-strany.mp4"][/video]
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар