Жаңалықтар
“Дос-Мұқасан” ансамблінің солисті Ақжол Мейірбеков дүниеден өтті
- авторjambylinfo.kz
- 25 қараша, 2023
- 2.8k
“Дос-Мұқасан” ансамблінің солисті Ақжол Мейірбеков дүниеден өтті
Оның дүниеден өткенін 25 қарашада қызы тілшімізге растады деп хабарлайды Jambylinfo.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Әзірге неден көз жұмғаны белгісіз.
Әнші 1950 жылы 7 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында дүниеге келген.
1978 жылы “Дос-Мұқасан” ансамбліне қабылданады да, 1985-1994 жылдары Алматы облыстық филармониясының “Арқас”, “Сазген”, “Адырна” ансамбльдерінде ән салған.
Әнші 1994-1996 жылдары “Гүлдер” ансамблінің көркемдік жетекшісі әрі директоры болды. Ал 2001 жылы “Ақжол” ән-театрын құрды.
Музыкант 2010 жылы қайтадан “Дос-Мұқасан” тобына оралып, осы күнге дейін ансамблдің әншісі болды.
Ол Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, құрмет орденінің иегері және ерен еңбегі үшін медалінің иегері атағына ие.
Мейірбеков Шарипа ханымға үйленіп, сол некесінен 1 қыз, 2 ұл сүйді. Луиза, Сұлтан және Тимур есімді балаларынан 8 немере мен 1 шөбере көрді.
Дереккөз: Stan.kz сайтының инстаграм парақшасынан
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала