АРХИВТІК ДЕРЕКТЕР – МЕКТЕП ҚАБЫРҒАСЫНДА ДӘРІПТЕЛДІ
Жас ұрпақты дұрыс тәрбиелеу аса маңызды. Бұл жауапкершіліктің басым жүгі мұғалімдердің еншісінде. Архив қызметкерлері де өскелең ұрпақты өз өңірінің тарихын тануға, туған жерінің тәмсілін ұғындыруға, жас буынды тарихи ақпараттармен қызықтыруға барынша ат салысып келеді. Сондай іс-шараның бірі Тараз қаласындағы Төле би атындағы №8 мектеп-гимназиясында өтті.
Мектеп оқушылары мен болған кездесуде көне мен жаңаны байланыстыра білген ежелгі Тараз қаласы тарихы тұрғысында өрбіді. Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің бөлім басшысы Сағындық Зейнуллаұлы Тараз тарихын Әулиеата кезеңінен бастап әңгімеледі.
Іс-шарада архив құжаттары негізінде жасалынған «Әулиеатаның шежірелі жылдары» атты фотоальбомы мен облыстың құрылуынан бастап архивтік құжаттардан жасалынған көрме көрсетілді.
Мұнда Әулиеата қаласындағы ат базары, ерікті өрт сөндіру бөлімшесі, Әулиеата қаласындағы алғашқы көлік, әмбебап дүкен, медицина қызметкерлері, қолөнер шеберханасы, өрт сөндіру орны, шіркеу, Әулиеата қаласының 1864 жылғы сызбасы, Әулиеата бекінісі, еңбеккерлер үшін киіз үйден ашылған шаштараз, Қарахан мавзолейі, Әулиеата маңындағы көшпелі ауылдар және т.б басқа суреттер қамтылған.
Ғалия АБЫЛАЙ
Облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама
басқармасының баспасөз хатшысы
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Педагог категориясының өсуі жалақыға қаншалықты әсер етеді?
- авторjambylinfo.kz
- 24 қараша, 2024