дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 6:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мичиган университетінде ер адам студенттерге оқ жаудырды, үш адам көз жұмды

Мичиган университетінде ер адам студенттерге оқ жаудырды, үш адам көз жұмды
ашық дереккөзі
Мичиган университетінде ер адам студенттерге оқ жаудырды, үш адам көз жұмды
Дүйсенбі күні таңертең Мичиган штаты университетіндегі атыстан үш адам қаза тапты. Тағы бесеуі жарақат алып, жергілікті ауруханада жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN-ге сілтеме жасап. Жергілікті полицияға тұрғындар хабарласып, маска киген белгісіз біреу Мичиган штаты университетінің кампусында жергілікті уақытпен сағат 20:18-де оқ жаудырғанын жеткізген. Полицияның мәліметінше, шабуылдаған адам университеттің екі жерінде студенттерге оқ атқан. Әзірге үш адамның мерт болғаны белгілі, бесеуі жарақат алған. Шабуылшының денесін полиция қызметкерлері тапқан – ол шабуылдағаннан кейін өз-өзіне оқ атқан. Полицейлер шабуылдаушының 43 жаста екенін анықтады. Оның университетке еш қатысы жоқ. Оның неліктен бұл қадамға барғаны әзірге белгісіз. Университет өкілдерінің айтуынша, шабуылдаушы оқ атқан екі ғимарат та жұмыс кезінде ашық болған – оның біреуі сабақ оқуға, екіншісі студенттер кеңесінің кездесуіне арналған.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар