Қарттарға құрмет көрсетті
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы, әділет подполковнигі Жәнібек Қосжановтың бастамасымен жеке құрам қызметкерлері Тараз қаласындағы №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығына арнайы барып, қарттарға құрмет көрсетті. Жылы жүздесуде Жәнібек Жамалбекұлы кез келген халықтың асыл қазынасы – қариялар екенін атап өтіп, абыз кеуде ақсақалдарға сый-сияпатын табыс етті. Өз кезегінде қарттар да сақшыларға ризашылығын білдіріп, баталарын берді.
Айта кетейік, бұл күні сондай-ақ №67 түзеу мекемесінің жеке құрам қызметкерлері саналы ғұмырын Қылмыстық-атқару жүйесінің дамуына арнаған сала ардагері Мария Полещюктің шаңырағына барып, құрмет көрсетті.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала