«Қару» операциясы: үш күн ішінде 360 қару мен 12 граната тәркіленді
- авторАрайлы Жақсылық
- 9 наурыз, 2025
- 392

Полиция 30 жасырын қару сақтау орнын анықтап, 3000-нан астам оқ-дәрі мен 7 ұрланған қаруды тапқан, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Заң бұзушылар жауапкершілікке тартылды, бірақ қаруды өз еркімен өткізуге мүмкіндік бар.
Үш күндік операция барысында полиция 30-дан астам қару жасырылған қойманы анықтап, 360 атыс қаруы, 12 граната және 3000-нан астам оқ-дәрі тәркіледі. Сондай-ақ, олардың ішінде бұрын ұрланған 7 қару бар, оның төртеуі 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған.
ІІМ қызметкерлері заңсыз қару сақтаудың 120 фактісін анықтаg, 200 адамды жауапкершілікке тартты.
Министрлік азаматтарға егер қару өзге қылмыстарға қатысы жоқ болса, оны өз еркімен тапсыру арқылы жазадан құтылуға болатынын еске салды. Операция елдің барлық өңірлерін қамтып, қылмыстық қауіп-қатерді төмендетуге бағытталған.
Ұқсас жаңалықтар
Таразда «Шаңырақ күні» перзентханадағы аналарға құрмет көрсетілді
- авторСадуақас Айсұлу
- 16 наурыз, 2025