Таразда блогер пара алу ісіне қатысы бар деген күдікке ілінді
- авторАрайлы Жақсылық
- 9 наурыз, 2025
- 377

Жамбыл облыстық полиция департаментінің экстремизмге қарсы күрес басқармасына спорт кешені директорынан 2 500 000 теңге көлемінде ақша бопсалау және шантаж жасау туралы жедел ақпарат түскен, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Пара алу сәтінде Тараз қаласының екі тұрғыны – Ахметжанов пен Кенесариев ұсталды. Олардың айыбын толық мойындап, тергеуге көмек көрсетуге келіскені хабарланды.
Ұсталғандардың бірі параны үшінші тұлға – блогер Абай Жүндiбаевқа оның үйіндегі сарайда тапсырған. Ол әлеуметтік желідегі Facebook парақшасында спорт кешені басшылығына қатысты жағымсыз материалдар жариялап, осы арқылы бопсалап отырған.
Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты ҚР ҚК 194-бабы («Бопсалау») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап айыппұл салу немесе төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасын қарастырады.