Қару-жарақ табылды
Қылмыстық-атқару жүйесінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің РГУ-59 мекемесінің қызметкерлері Жамбыл облысы ІІД Қылмыстық іздестіру басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Айша бибі көшесінің бойындағы бетон қоршаулардың маңынан полипропилен пакетін тапты. Пакеттің ішінде оқ-дәрісіз, «ТОЗ» маркалы қос ауызды аңшы мылтығы бар болып шықты. Сондай-ақ, жедел ақпарат негізінде шалғай Қарасу бағытындағы көпірдің төменгі жағынан, тас жолдың сол жағындағы 100 метр қашықтықта құрылыс блоктарының астынан 20-шы калибрлі қос ауызды тегіс ұңғылы аңшы мылтығы табылып, тәркіленді. Нақтылы кезеңде табылған қару-жарақтарға қатысты сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Үздік педагогтарға 3 млн теңге мен төсбелгі табысталады
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Жаңа заң: Дәрігерлердің қателігі үшін науқасқа ақы төленеді
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 қараша, 2024
Жаңалықтар
Ақтауда қатты жел соғып, қаланың тең жартысы жарықсыз қалды
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 қараша, 2024