сенбі, 23 қараша, 2024 13:57

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қаржы вице-министрі балалардың шотына неге 150 доллар емес, 100 доллар түскенін түсіндірді

Қаржы вице-министрі балалардың шотына неге 150 доллар емес, 100 доллар түскенін түсіндірді
ашық дереккөзі
Қаржы вице-министрі балалардың шотына неге 150 доллар емес, 100 доллар түскенін түсіндірді
Балалар саны көбеюіне байланысты «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында кәмелетке толмаған балалардың шотына 150 доллардан емес, 100 доллардан түскен. Бұл туралы қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. Бұған дейін үкіметтегілер балалардың арнаулы жинақтаушы шотына болжаммен 150-160 доллар түсетінін мәлімдеген еді. Алайда кеше балаларға небәрі 100 доллардан аударылғаны белгілі болды.
«Иә, біздің есептеулер бойынша 160 доллар деп айтылған еді. Сіздер білесіздер, президент бұл бастаманы алғаш рет 2022 жылы көтерді, тапсырма берілді. Сол кездегі есептеулерге сәйкес, балалардың саны 6 млн 400 болатын. Бүгінде балалардың саны – 6 млн 917 мың. Сол есептеулерге сүйенсек, бүгінде бөлініп жатқан қаражаттың сомасы – 695 млн доллар. Оны енді 9 919 131 балаға бөлетін болсақ, 100 доллар 52 центтен шығып тұр», деді Темірбеков сенат кулуарында журналистер сұрағына жауап беріп.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар