дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 6:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Асанбай Асқаровтың 100 жылдық мерейтойы Меркі ауданында аталып өтті

Асанбай Асқаровтың 100 жылдық мерейтойы Меркі ауданында аталып өтті
ашық дереккөзі
Асанбай Асқаровтың 100 жылдық мерейтойы Меркі ауданында аталып өтті
Мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың 100 жылдық мерейтойына орай Меркі ауданыңда республикалық дәрежеде кең көлемді іс-шара ұйымдастырылып, Алаштың арда туған азаматының мерейтойына Алматы, Нұрсұлтан, Шымкент және тағы басқа алыс-жақын республиканың аймақтарынан 200-ден аса қонақ келді. А.Асқаровтың мерей тойына арналған мереке аудан орталығында ескерткішіне гүл шоқтарын қойып ,тағзым етуден бастау алды.Елінін арқа сүйер азаматының есімі №1 мектеп-гимназиясына салтанатты түрде беріліп, нар тұлғаның бюст-ескерткіші ашылды. «Туған жердің туын биіктеткен тұлға» атты ғылыми-практикалық конференцияда мемлекет және қоғам қайраткерінің өнегелі өмірі мен халқына қалтқысыз қызметі туралы айтылып,елімізге бегілі ғалымдар мен қоғам қайраткерлері тау тұлға туралы естеліктерімен бөлісті. Асанбай Асқаровтың қызы Шолпан Асқарова осынау тойды баршамызға,ұйымдастырушылар мен жиналған қауымға алғыс айтып, шексіз ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, ҚР Президенті архивінен алынған А.Асқаровтың жеке қор құжаттарынан көрме ұйымдастырылып, «А.Асқаров архив құжаттарында» кітаптың тұсауы кесіліп, оқырмандарға жол тартты. Содан соң Меркі аудандық мәдениет үйінде Асанбай Асқаровтың 100 жылдығына арналған «Алаштың арда туған Асанбайы» атты айтыс басталды. Айтысты Меркі ауданының әкімі Жорабек Баубеков ашып, қайраткердің еңбектеріне, ізгі қасиеттеріне кеңінен тоқталды. Сондай-ақ аудан басшысы айтыстың қазақтың арда өнер екенін айтып, барша айтыскерге сәттілік тіледі. Айтыс басталар алдында жыршы Бейбіт Шошабаев жырдан шашу шашты. Нәтижесінде, финалға 22 айтыскер ақындардың арасынан 6 ақын іріктеліп шығып, бас жүлдені байзақтық ақын Дархан Әбдіманап иеленді.    
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар