дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 4:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Оқ-дәрілерді жою жұмыстары жалғасуда

Оқ-дәрілерді жою жұмыстары жалғасуда
ашық дереккөзі
Оқ-дәрілерді жою жұмыстары жалғасуда
Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлім аумағында өткен жылдың тамыз айында өрт пен жарылыс болғаны есімізден шыға қойған жоқ. Ондағы оқ-дәрі қоймасындағы жарылғыш заттарды жинау және жою жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Оқ-дәрілерді жою әскери бөлімнен 12 шақырым қашықтықтағы таулы аймақтағы шалғай учаскеде жару әдісімен жүзеге асырылуда. Бақыланатын жою жұмыстары ағымдағы жылдың маусым айында басталып, жазғы кезеңде оқ-дәрілерді жою жұмыстары жұмыс күндері күніне екі рет жүргізілді. Қазіргі уақытта ауа райының өзгеруіне және күндіз желдің соғуына байланысты жою  жұмыстарының кестесі өзгерді. Жарылысқа дайындалып жатқан оқ-дәрілердің көлемі бұрынғыдан екі есе аз, бірақ жарылыстардың саны ұлғайтылды. Бүгінгі күні түске дейінге уақытта  үш-төрт жарылыс жасалады. Мәселен, егер бұрын олар тротил эквивалентінде бірден 700 кг оқ-дәрілерді жарып жіберсе, қазір бір жарылыс үшін тротил баламасында 200-ден 400 кг-ға дейін дайындалуда. Түстен кейін жарылыстар қажет болған жағдайда ғана жүргізіледі: оқ-дәрілердің фрагменттері жиналған жағдайда бір немесе екі реттен көп емес, өйткені олардың жиналуы және сақталуы қауіпті. Байзақ ауданының тұрғындары жарылыстардың дыбыс әсерлеріне байланысты дабыл қағып жатқанынан жергілікті «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы хабардар. Бұл жерде басты рөлді психологиялық фактор атқарады, өйткені жарылыстарға үйрену мүмкін емес. Осы орайда, біз жарылыстардың деструктивті әсері жоқ екенін ескертеміз. Үлкен дүмпу мен сейсмикалық әсердің алдын алу мақсатында мамандар жойылатын оқ-дәрілердің мөлшерін есептеді. Және оның саны белгілі бір межеден ешқашан асып кеткен емес. Керісінше, жүргізіліп жатқан жұмыс барысында ол айтарлықтай төмендеді. Бұл жұмысты тоқтатуға болмайды, өйткені аяз басталмай тұрып инженерлік қызметтер әскери бөлімнің аумағын 100% тазартып, жиналған оқ-дәрілердің негізгі бөлігін кәдеге жарату керек. Бұл жұмыс еліміздің жоғары басшылығы қойған міндеттерге сәйкес жүргізіліп, жергілікті халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бақыланатын жарылыстарды жүргізу ағымдағы жылдың 25 қарашасына дейін жоспарланған. Оқиғаға қарсы әрекет ету біріктірілген жасақ күштерімен тазалауға жататын 73 сақтау орнының бүгінгі таңда 60-тан астам қоймасы тазартылды. 12 нысанды тазалау қалды. Жарылыс қаупі бар объектілерге арналған 32 мың сақтандырғыштар және жарылғыш заттардың 65 мыңнан астам фрагменттері жойылды.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар