Жаңалықтар
Ашхабадта климаттың өзгеруіне арналған конференция өтуде
- авторСадуақас Айсұлу
- 15 мамыр, 2025
- 170

Жиында жаһандық климаттық қаржыландыруға қол жеткізу, қаржыландыру тәсілдерін әзірлеу және өңірлік климаттық архитектураға ұлттық басымдықтарды біріктіру, сондай-ақ төмен көміртекті даму жолына көшу мәселелері қаралып жатыр.
Ашхабадта климаттың өзгеруіне арналған Орталық Азияның VII конференциясы өтуде, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz qazaqstan.tv сілтеме жасап.
Конференцияға 200-ден астам қатысушы, оның ішінде Орталық Азия елдерінің өкілдері, халықаралық ұйымдар, қаржы институттары мен ғылыми орталықтар бар. Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев 2026 жылы өтетін өңірлік климаттық саммитке ерекше назар аударылатынын, Қазақстан бұл саммитті өңірлік диалогты нығайтудың және күш-жігерді үйлестірудің стратегиялық алаңы ретінде қарастыратынын жеткізді.