Жаңалықтар
Астана–Ақтау рейсі борттағы өртке байланысты кері қайтты
- авторjambylinfo.kz
- 23 ақпан, 2025
- 1161

23 ақпан күні FlyArystan әуе компаниясының FS 7375 рейсі ұшу кезінде борттағы өрт салдарынан Астана әуежайына қайта оралды
Әуе компаниясының хабарлауынша, жолаушының рюкзагы ұшақтың үстіңгі багаж бөлімінде өртене бастаған. Дегенмен, өрт жылдам сөндіріліп, ұшақтағы 182 жолаушының барлығы аман қалды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«2025 жылдың 23 ақпанында Астана-Ақтау бағытындағы рейс барысында жолаушының рюкзагы әуе кемесінің үстіңгі багаж бөлімінде өртенді», – деп мәлімдеді FlyArystan баспасөз қызметі.
Ұшақ Астана әуежайына қалыпты режимде қонған.
«Ұшақ Астана әуежайына қалыпты режимде қонды. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері анықталуда. Рейс Астана уақытымен 17:10-ға шегерілді», – делінген хабарламада.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала