сенбі, 28 қыркүйек, 2024 20:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Astana Media Week: дәстүрлі медиа апталық басталды

Astana Media Week: дәстүрлі медиа апталық басталды
Сурет: Ашық дереккөзден алынды
Дәстүрлі шара 3 күнге жалғасады

Елордада Astana Media Week халықаралық шарасы салтанатты түрде ашылды, деп Jambylinfo.kz.

Биыл дәстүрлі апталық «Медианың әсері және цифрлық үндестік» тақырыбында өтіп жатыр. Алдағы үш күн бойы жетекші сарапшылар, халықаралық ұйымдардың өкілдері және танымал журналистер саланың өзекті мәселелерін талқылайды. 

Сондай-ақ халықаралық медиа ұйымдардың өкілдері мен индустрия көшбасшылары пікірін ортаға салып, жаһандық трендтер мен медиа-коммуникация саласындағы озық тәжірибесімен бөліседі. Одан бөлек, іс-шара аясында 25 және 26 қыркүйек күні «Контент-Маркет» өтеді. Онда телеарналар мен продакшндар озық медиа жобаларын таныстырады деп күтілуде.

Ашылу салтанатында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның атынан құттықтау хатын вице-министр Қанат Ысқақов оқып берді. 

«Құрметті әріптестер, баршаңызды жыл сайынғы Astana Media Week апталығының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Биыл «Медианың әсері және цифрлық үндестік» тақырыбына арналуы қоғамдағы өзгерістер мен жаңа технологиялық дәуірде ақпараттық маңыздылығын тағы да айқындай түседі. Медианың күнделікті өмірде ықпалы зор, ол тек ақпаратты тарату ғана емес қоғамдық пікірді қалыптастырушы мәдениетті дамытуда үлес қосады. Цифрлық технология жылдам дамып, осы үрдістерді жаңа деңгейге көтеріп медианың ықпалын одан әрі күшейтеді. Бұл үрдістер медиа мамандарының біліктілігін арттырып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Astana Media Week медиа саласының көшбасшылары мен кәсіпқой мамандар мен сарапшыларды бір алаңға жинап, өзекті мәселелерді талқылайтын кәсіби алаңға айналды. Баршаңызға табыс тілеймін», - делінген хатта.

Айта кетейік, алғаш рет Astana Media Week: дәстүрлі медиа апталығы 2017 жылы өткен. Міне содан бері іс-шара аясында отандық және шетелдік эксперттердің қатысуымен ауқымды форум өтіп келеді. Жас мамандарға арналған шеберлік сағаттары, түрлі семинарлар ұйымдастырылды. Медиа өнімнің жәрмеңкесі болды.

Оған Қазақстанның барлық өңірлерінен жиналған компаниялар қатысады.                                                         

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар