дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 17:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Енді кімдер жедел жәрдем шақыра алмайды?": Елімізде жәдел жәрдем қызметінің жұмыс уақыты өзгеруі мүмкін

"Енді кімдер жедел жәрдем шақыра алмайды?": Елімізде жәдел жәрдем қызметінің жұмыс уақыты өзгеруі мүмкін
Сурет: Ашық дереккөзден алынды
Құжаттың жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды

Елімізде жедел жәрдем қызметі 4-санаттағы шақыртуларға тәулік бойы қызмет көрсетуді тоқтатуы ықтимал, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

 4-санаттағы шақыртуға адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтін аурулардың (жіті немесе созылмалы аурудың асқынуы) өршуі жатады.

"Денсаулық сақтау министрлігі 4-санаттағы шақыртуларға жедел жәрдем қызметі жұмыс күндері таңғы сағат 8:00-ден кешкі сағат 18:00 барады, ал сенбіде таңғы 8:00-ден 12:00-ге дейін қызмет көрсетеді", – деп жазылған құжаттың жобасында.

ДСМ бүгінгі тариф жедел медициналық қызметтің барлық шығынын жаппай отырғанын атап өтті. Сондықтан осындай қадамға баруға мәжбүр.

"Қаржыландыру жеткіліксіз болғандықтан тәулік бойы жұмыс істейтін бригадаларды ұстау тиімсіз, бұл кредиторлық берешектің пайда болуына әкеледі", – деп жазылған құжаттың жобасында.

Осылайша, министрлік жедел жәрдемді шақырту уақытына өзгеріс енгізуді жоспарлап отыр. Өзгеріс қолдау тапса, 4-санаттағы шақыртуға мамандар қоңырау түскен сәттен бастап 120 минут ішінде баруы шарт.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар